АСТАНА. 22 маусым. Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында зорлықпен өлтірілген полицейге қатысты қылмыс ашылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің мәліметіне сүйенген Tengrinews.kz хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Сәтбаев қаласының бұл қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған 30 жастағы тұрғыны екеуара келіспеушіліктің салдарынан жәбірленушінің үйіне терезе арқылы кіріп, адамның өліміне себеп болатын дене жарақаттарын келтіргені туралы мойындады. Қазіргі таңда ұсталған азамат уақытша оқшаулағышына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.
«Криминалдық полиция департаменті мен Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері қоғамдық дүрбелең тудырған аса ауыр қылмысты ашты. Сәтбаев қаласында болған жол патрульдік-полиция батальоны қызметкерінің өліміне себеп болған қылмысты жедел түрде ашу мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл қылмысқа қатысы бар деген күдіктінің тұлғасы анықталып, ұсталды», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында зорланған полицей денесінің табылғаны хабарланған болатын. Облыстық ішкі істер органдарының мамандары 46 жастағы жол-патруль полициясы қызметкерінің мәйітін Сәтбаев қаласындағы пәтерінен тапқан. Оның денесінде зорлық белгілері болды.
Талғат Райымбек.
Дерек: Tengrinews.kz.