• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Маусым, 2015

Мексикалық сенатормен әңгіме

315 рет
көрсетілді

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мексика Сенаты халықаралық Байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы Габриэла Куэвас Барронды қабылдады. Қ.Тоқаевтың пікірінше, мексикалық сенатордың сапары Қа­зақстан мен Мексика арасындағы пар­ла­менттік үнқатысудың басталғанын көрсетеді. Қазақстан Сенатының басшысы еліміздің қазіргі кездегі дамуы және Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын іске асыру жоспары туралы айтты. Ол Еуразиялық экономикалық одақ және Латын Америкасындағы интеграциялық бірлестіктер қызметі тұрғысында Қазақстан мен Мексика сауда-экономикалық ын­ты­мақтастығының жаңа мүмкіндіктерін толықтай пайдалануға шақырды. Қ.Тоқаев мексикалық компанияларды Астанада өте­тін Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне ша­қырды. Г.Куэвас Мексиканың Қазақстанмен жан-жақты қатынастарды дамытуға зор мән беретінін, оған биыл Астанада Мексика елшілігінің ашылатыны дәлел болатынын атап өтті. Ол екіжақты және халықаралық парламенттік форумдар аясындағы парламентаралық байланыстарды нығайту жайында да айтты. Өзінің Қазақстанға сапарынан алған әсері туралы айта келіп, мейман аймақтық дамудағы біздің еліміздің маңызды рөліне тоқталды, сондай-ақ, әйелдердің қоғамдық өмірге қатысуы жоғары деңгейде екеніне назар аударды. Жүздесушілер, сонымен қатар, терроризм мен есірткі тасымалына қарсы іс-қимыл мәселелері туралы да пікір алмасты, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.