• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2010

МАҢЫЗДЫ ПІКІР АЛМАСУ

578 рет
көрсетілді

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров кеше Ас­та­нада Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның То­леранттық және кемсітпеушілік жө­ніндегі жоғары деңгейдегі кон­ференциясына қатысу үшін келген Норвегияның Бейбітшілік және адам құқықтары орталығының Альф-Оге Хансен басқарған деле­гациясымен кездесу өткізді. Осы ұйым қызметі бейбіт­ші­лікті, адам құқықтарын және бүкіл әлемде діниаралық толеранттықты алға жыл­жытумен байланысты ком­мер­циялық құрылым болып табылады. Тараптар кездесу кезінде Орта­лық Норвегия Хельсинки коми­тетімен бірлесіп әзірлеген адам құ­қықтары ахуалы туралы баянда­ма­ны іске асыру мәселелерін талқы­лады, оның ресми тұсаукесері То­леранттық және кемсітпеушілік жө­ніндегі жоғары деңгейдегі кон­ференция аясында өтті. Омбудсмен мемлекеттің адам құқықтарын, атап айтқанда, діни наным бостандығы саласындағы құқықтарын қамтамасыз ету жө­нін­дегі қызметінің негізгі бағыт­та­рымен және қабылдап отырған шараларымен таныстырды. Делегация жоғарыда аталған ақ­паратты оң қабылдады. Омбудсмен мекемесі мен Норвегия бейбітшілік және адам құқықтары орталы­ғы­ның үнқатысуын одан әрі жал­ғас­тыруы және ынтымақтастығының маңыздылығы туралы ортақ пікір білдірді.