Ұлттық бизнес-рейтинг кеңесі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтына жоғары қаржылық-экономикалық көрсеткіші үшін «2015 жылдың сала көшбасшысы» айтулы рейтингтік бағдарламасының марапатын тапсырды.
Мәдениет институты Алматы қаласының кәсіпорындары арасындағы «Әлеуметтік салық» аталымында екінші орынды және Қазақстан Республикасы кәсіпорындары арасынан «Корпоративтік табыс салығы» аталымы бойынша сегізінші орын үшін бірегей белгілерді алды. Институттың бас директоры А.Хазбулатов «Экономика мақтанышы» орденіне ие болды, ал бас директордың орынбасары А.Төлеш «Кәсіби жетістіктері үшін» медалімен марапатталды. Мекеменің бас есепшісі С.Байбосынова «2015 жыл маманы» аталымы сертификатын алды.
Бағдарлама құрылтайшыларының сөзіне қарағанда, ұлттық бизнес-рейтингтің көшбасшылары атанған жаңа сипаттағы заманауи кәсіпорындар өз қызметтері арқылы елдің келешегін анықтайтын ұжымдар болып табылады. Олар бизнестің жаңа стандарттары мен заманауи технологияларын енгізіп, әлемдік тәжірибені белсенді түрде зерттеуге және жаңа бастамаларға ұмтылады.
Осы орайда мынаны атап айту керек, «2015 жылдың сала көшбасшысы» рейтингтік бағдарламасының жүлделері статистикалық саралау нәтежесі бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу ақпараты негізіне сәйкес табысталады.
«Егемен-ақпарат».