ҚЫЗЫЛОРДА. 7 мамыр. Қалада мектеп оқушыларының арасында Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай облыстық білім басқармасының кубогы үшін жеңіл атлетика мен әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыс өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оған 500-ден аса оқушы қатысты. 7 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден №198 мектептің командасы алдарына жан салмаса, жүлделі екінші, үшінші орындарды №39, №173 мектеп ұжымдары иеленді.
Ал әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша №136 мектеп командасы жеңімпаз атанды. №257 мектеп екінші, №222 мектеп үздік үштікті қорытындылады. Айта кетейік, марапаттау рәсіміне Ұлы Отан соғысының ардагерлері қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz