Рамазан айы – айлардың сұлтаны. Осыған орай Семейдегі мешіт қызметкерлері халықты ерекше тәсілмен құттықтауды ойлап тапты. Ораза айының құрметіне байланысты, Семей тұрғындарына 200 дана ораза кестесі бар парақша, әйел адамдардың әрқайсысына рау-
шан гүлдерін, ал ерлерге иіс сулы әтірлер және құрмалар таратылды.
«Хадис шәріпте: «Мұсылман мұсылманның бауыры. Ол оған зұлымдық жасамайды және залымның қолында қалдырмайды. Кімде-кім бауырының бір қажетін өтесе, Алла оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылманды қайғы-қасіреттен құтқарса, Алла оны қиямет күнгі қайғы-қасіреттердің бірінен құтқарады...» деген. Мұндай тосын сыйлықты күтпеген Семей тұрғындары Семей аймағы бойынша өкіл имамы Мақсат Алтыбай мен Семей қалалық Тыныбай мешітінің бас имамы Біржан Аманжоловқа ризашылықтарын білдірді.
Раушан Нұғманбекова.
Семей.
Суретті түсірген автор.