• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2010

ҮШ ПӘТЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

530 рет
көрсетілді

Егер Алматы қаласындағы ақ халатты абзал жандардың бір күнгі тыныс-тіршілігін алар бол­сақ, 35 мыңнан астам адамға алғашқы ме­ди­ко-санитарлық көмек пен 1500-ге дейін же­дел медициналық жәрдем көрсетіліп, 30 мың­нан астам диагностикалық зерттеу, 6 мыңдай науқасты емдеу және оларға жедел терапиялық көмек көрсетіп, сондай-ақ, 300-ден астам күрделі хирургиялық операция жасалып, 70-тен астам ананы босандырып алады екен. Яғни, бұл еліміздің ірі мегаполисінде әр минөт сайын адам өмірімен арпалысып, олардың ғұмырын сақтауға күш-қайраттарын жұмсаған денсаулық сақтау күзетіндегі дәрігерлер қауы­мының күнделікті еңбегі. Ақ халатты абзал жандардың осындай жан­кешті еңбегін ескерген қала әкімі Ахметжан Есі­мов медицина қызметкерлері күні денсаулық сақ­тау ісіне қосқан үлесі үшін бірқатар дәрігер­лер­дің кеудесіне төсбелгі тағып, мақтау қағаз­да­ры­мен марапаттап, үш адамға пәтер кілтін табыс етті. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.