• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет 14 Тамыз, 2025

Үкімет нашақорлыққа қарсы іс-қимылды үйлестіретін штаб құрды

Үкімет Президенттің тапсырмасы аясында нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб құрды, деп жазады Egemen.kz.

Штабқа Премьер-министр басшылық етеді. Басшының орынбасарлары ретінде Премьер-министрдің орынбасары және ішкі істер министрі айқындалған. 

Республикалық штаб мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру жөніндегі іс-қимылын үйлестіру, алдын алу шаралары кешенін жүзеге асыру бойынша тиімді тәсілдер әзірлеу, есірткіге тәуелді адамдардың профилактикасын, емін және оңалту жүйесін жетілдіру сынды негізгі міндеттерді атқарады.

Сондай-ақ оның құрамына Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері, сондай-ақ бірқатар жауапты министрлік басшылары енген.Премьер-министрдің өкімімен облыстарда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік штабтар құру жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар