• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2015

Сенім грамотасын тапсырды

187 рет
көрсетілді

Букингем сарайында Қазақстан Рес­пуб­­ли­­касының Ұлы­бри­тания­дағы елшісі Ержан Қазы­ханов патшайым Елиз­а­вета ІІ-ге Сенім грамотасын тапсырды. Рәсім кезінде елші Е.Қа­зыханов Ұлы Мәр­те­беліге Қазақстан Республикасы Пре­зиденті Н.Ә.На­зар­баевтың сәлемін жеткізді. Сұхбат барысында Қазақстан елшісі екіжақты саяси, эко­номикалық, білім беру және мәдени қарым-қатынастардың дамуының жоғары қарқынын атап өтті. Бұған көбінесе Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасында жоғары деңгейде қол жеткізілген стра­тегиялық серіктестік жөніндегі уағ­даластықтар септігін ти­гі­зуде. Өз кезегінде, патшайым Ели­­­завета ІІ екі ел ара­сын­дағы байланыстарды нығай­ту­дың және кеңей­тудің маңыз­ды­лығына тоқталды. Ол Пре­зидент Н.Ә.Назарбаевтың бас­шылығымен Қазақстанның жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті. Патшайым Е. Қазыхановты жауапты миссиясымен құт­тықтап, оған жаңа қызметінде сәттілік тіледі. «Егемен-ақпарат».