• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2015

Алматы Олимпиадасы

317 рет
көрсетілді

– Отанымызды бүкіл әлемге танытудың тағы бір мүмкіндігі Алматыда Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Халық­аралық олимпиадалық комитеттің комиссиясымен кездесу өткізіп, брифингке қатысты. Оның барысында Қазақстанның 2022 жылы Алматы қаласында Қысқы Олимпиаданы өткізуге өтінімі қарастырылды. Е. Ыдырысов Қазақстан Қысқы Олимпия ойындарын өткізуге өз кандидатурасын ұсынып, аталған конкурсқа қатысқанын мақтан тұтады, деп атап өтті. «Біз Қазақстанды бүкіл әлемге паш ету мүмкіндігіне қуаныштымыз», деді ол осы орайда. Е.Ыдырысов атап өткендей, Алматы Қысқы Олимпиаданы өткізуге таптырмас жер болып табылады. «Ал­матының ең басты артықшылығы – оның географиялық орналасуы. Батыс және Шығыс өркениеттерінің қиылысу нүктесінде орналасқан Алматы – Ұлы Жібек жолының қазынасы, маңызды бөлігі болған», деп ерекше айтып өтті Сыртқы істер министрі. Сонымен қатар, ол аталған Олим­пиаданы өткізу орны ретінде Алматыны таңдаудың артық­шы­лығына бірқатар деректер мен дәлелдер келтірді. «2011 жылы өткен Қысқы Азия ойындары Алматы осы секілді ойындарға нағыз қысқы, керемет жағдайлар жасай алатынының айқын көрінісі болды. Алматыда керемет қысқы спорт нысандары бар – мұнда көптеген әлемдік рекордтар қойылды, ал Медеу мұз айдыны бүкіл әлемге танымал», деді Ерлан Әбілфайызұлы. «Олимпия ойындары өткізілетін орын ретінде Алматы таңдалған жағдайда, қамтитын аумағы бойынша Алматы Олимпиадасы соңғы үш онжылдықта ең ықшамы болады. Бұл жерде қажет инфра­құры­лым­ның көп бөлігі дайын. 14 қажет нысанның 8-і салынып, пайдалануға берілген, тағы үшеуі 2017 жылғы Уни­версиадаға орай салынатын болады. Тағы қосымша 3 нысан салу қажет. Осылайша, Алматыдағы Олим­пиада соңғы онжылдықтарда ең аз шы­ғынды болуы мүмкін. Бұл, соны­мен қатар, қала үшін және жалпы Қазақстан үшін мол инвестициялар тартады», деді министр. «Олимпия ойындарын Алматыда өткізу барлық қазақстандықтар және болашақ ұрпағымыз үшін мақтан тұтарлық оқиғаға айналады. Бұл еліміздегі спорттың қысқы түрлерінің дамуына зор екпін береді. Бұл, сонымен қатар, кеңестік тарихы бар, ең дамыған 30 ел қатарына кіруді көздеген еліміздің жетістіктерін, экономикалық және саяси табыстарын дүниежүзіне көрсету мүмкіндігі болып табылады», деп атап өтті Е.Ыдырысов. Сыртқы саясат ведомствосы басшысының сөзіне қарағанда, Олимпиадаға орай салынатын нысандар одан әрі халыққа қызмет ететін болады. «Егемен-ақпарат».