• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2015

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының ҮНДЕУІ

254 рет
көрсетілді

Қадірлі отандастар! Еліміздегі беделді де өкілет­ті­ үнқатысу алаңы ретінде Демо­­кра­­тиялық күштердің «Қазақ­стан-­2050» жалпыұлттық коали­ция­­сы түрлі көзқарас пен ұста­ны­м­­дағы жетек­ші қоғамдық-сая­си күш­тер­дің ашық әрі салиқа­лы пікір­та­ласы ар­қылы барлық әлеуметтік топ­тардың мүддесін қамтамасыз етеді. Коалиция Елбасының мемле­­кеттік бағытын жүзеге асыруға өзіндік үлес қоса отырып, қоғамды топтастырып, ондағы өзара сенімді нығайтады. Бүгін, Коалиция талқылау нәтижесінде 2015 жылы прези­дент­тік сайлау өткізу жөніндегі бастаманы бірауыздан қолдады. Бұл – еліміз үшін тарихи сәт. Күрделі халықаралық жағдай мен әлемдік экономикадағы ахуалға байланысты аталған мәселе өткен жылдан қоғамды толғандырып келеді. Көпшілік сайлауды дәл 2015 жылы өткізуді тұрақтылық пен тыныштықтың факторы деп есептейді. Конституциялық мәртебеге ие Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамның пікірін басшылыққа ала келе, өзінің 20 жылдығында осындай уақтылы әрі маңызды бастама көтерді. Сондықтан да, сарапшылар қауымдастығы, қоғамдық және сая­си ұйымдар, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері бұл бастаманы кеңінен қолдауда. Елбасының стратегиялық көре­гендігінің арқасында елімізде жете сараланған нақты істер жос­пары бар. Ол – «Нұрлы Жол» бағд­ар­ламасы. Бұл – тек қиындықтарды еңсе­рудің ғана емес, еліміздің ұзақ ­мер­­зімді дамуының, әлемнің ең да­мы­ған 30 елінің қатарына қо­сы­­луы­на жағдай жасаудың жоспары. Бұл – жүз мыңдаған жұмыс орындарының, жаңа өндірістің ашылуы, инфрақұрылымның жаң­ғыртылуы, миллиондаған шаршы метр тұрғын үй салу, тұрғын­дар алдындағы әлеуметтік міндет­темелердің толық орындалуы. Әлемдік экономиканың тұрақ­сыздығы жағдайында пәрмен­ді де батыл, ұтқыр іс-қимылдар қажет. Дәл биылғы жылы прези­денттік сайлау өткізу осыған қа­жетті жағдай туғызып, мемлекет пен қоғамды «Нұрлы Жол» бағ­дарламасын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен Мәңгілік Ел ­идеясын табандылықпен іске асыруға жұмылдырады. Тәуелсіздігіміздің ең қиын жылдарында сайлау қоғамды топтастырудың құралы, азаматтарды бірлікке, келісімге бастаудың, саяси тұрақтылық пен қалыпты дамуға жұмылдырудың тетігі болып қызмет етті. Біз ел тағдырына бейжай­ қарамайтын барша қазақ­стан­­­дықтарды Қазақстан Рес­­пуб­­ли­касының Президентін сай­лауды 2015 жылы өткізу бас­тама­сын қол­дауға шақырамыз. «Нұр Отан» партиясы, Қа­зақ­станның Коммунистік халық партиясы, «Бірлік» партиясы, Қазақстанның Патриоттар партия­сы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстанның «Ауыл» әлеуметтік-демократиялық партиясы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстанның азаматтық Альянсы» заңды тұл­ғалар бірлестігі, «Қазақстан Рес­публикасы Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі, «Болашақ» қауымдастығы» қоғамдық бір­лестігі, Қазақстанның кәсіпкерлер форумы, Мүгедектердің «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» қоғам­дық бірлестігі, «ҚР Қарулы Күштер ардагерлері» қоғамдық бірлестігі, «ҚР Қарулы Күштер ардагерлері» Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымдарының ассоциациясы, Қазақстан іскер әйелдері ассоциациясы, «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Жасыл» экономика мен G-GLOBAL-ды дамыту үшін коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, Ұлттық ғылым академия­сы, Қазақстан Жазушылар одағы, Кәсіпкер әйелдер одағы, «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан украиндарының радасы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы. 2015 жылдың 17 ақпаны. АСТАНА.