• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2015

24 сағат

262 рет
көрсетілді

*Brent мұнайының ба­ғасы барреліне 62 долларға жетті. Сарапшылардың пі­кірінше, бұған ірі мұнай ком­панияларының өзде­рі­нің құрылымдарын оңтай­ландырып, персоналдарын қысқартуға деген ниеті себеп болып отыр. Бүгінге дейін әлемдегі мұнай компаниялары 100 мың адамды жұмыстан босатып үлгерген. * Қытайда кезекті жо­ғары лауазымды шенеунікке қа­тысты қылмыстық қуғындау басталды. ҚХР парламенті төрағасының бұрынғы орынбасары Су Жунға өзінің қыз­мет бабын ірі көлемде пара алуға пайдаланды деген айып тағылып отыр. *Мысыр президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін Ливияға халықаралық араласу туралы қарар қабылдауға ша­қырды. Бұған дейін Ливия содырлары 21 мысырлық ба­лықшыны ұстап, өлтірген болатын. Осыған орай, Каир кек алу шараларына, яғ­ни содырлар шептерін бом­балауға кірісіп кеткен еді. *Жапонияның сол­түс­тік-шығысында магнитудасы 6,9 баллдық жер сілкінісі тір­келген еді. Осыған орай, Иватэ префектурасында цунами қаупі жарияланды. Жағалаудағы халыққа қауіпсіз жерлерге жедел жету ұсынылды. Бірақ кейін цунамиден қауіп жоқ екені белгілі болды. Зілзала зардабы туралы ақпарат жоқ. * Йеменде тағынан тай­дырылған президент Абд Раббу Мансұр Хади жа­ғын­дағы қарулы жасақ ел астанасы – Абден қаласының бір бөлігін басып алған. Бес сағатқа созылған ұрыстан соң Хадиді жақтаушы көтер­ілісшілер бірқатар әкім­ші­лік ғимараттарды өз бақы­лауына көшірген. Текетірес жалғасып жатыр. * АҚШ-тың бірқатар штат­тарында ауа райы үлкен қолайсыздық туғызып тұр. Вашингтонда боран салдарынан мемлекеттік мекемелер мен мектептер жабылып қалды. Авиакомпаниялар 2,6 мың рейсін кейінге шегерді. Елдің түрлі бөліктерінде қа­лың жауған қар салдарынан 1,2 миллион адам жарықсыз отыр. 25 адам опат болды деген дерек бар. *Данияның астанасы – Копенгаген қаласында 30 мың адамдық наразылық шарасы болып өтті. Бұған себеп – өткен сенбі күні Омар Әбдел Хамид әл-Хусейн де­ген 22 жастағы лаңкес тер­рорлық қадамға барып, екі еврей азаматын өлтірген еді. Өзі де полиция тарапынан жер жастандырылған болатын. * Еуроодақ санкция ен­гізілетін (кіруге тыйым салу және есепшоттарды жауып тастау) адамдар тізімін кеңейтті. Бұл жолы қара ті­зімге 5 ресейлік енгізілді. Олар: қорғаныс министрінің орынбасарлары Анатолий Ан­тонов пен Аркадий Бахин, бас штаб бастығының орынбасары Андрей Картополов, әнші Иосиф Кобзон және Мемдума депутаты Валерий Рашкин. * АҚШ-тың Мэриленд штатында 16 жастағы бозбала ата-анасы мен қарындасын атып өлтіргеннен кейін өзі де полиция қызметкерлерінің қолынан оққа ұшты. Алдын ала болжам бойынша, бозбала ата-анасының компьютерді пайдалануға тыйым салуына наразылығын осылай білдірген сыңайлы. Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде әзірленді.