АСТАНА. 18 ақпан. Оңтүстік Америка құрлығындағы Гаити мемлекетінің астанасында болған карнавал шеруі кемінде 20 адам қаза тапты. Бұл туралы AmericaRU.com хабарлады.
Шерушілердің қаза табуларына олардың платформалары жоғары вольтті электр желісіне тиіп кетуі себеп болған. Тағы 46 адам осы оралымсыздық салдарынан жарақат алған.
Апат жылдағы дәстүр бойынша елдің астанасы Порт-о-Пренса қаласы көшелері бойларын мыңдаған адам толтырған кезде орын алған. Көргендердің айтуларынша, платформа барынша биік болған. Онда отырғандар көше бойымен ары өтіп кету үшін жоғарыдан тартылған электр сымдарын жылжытуға әрекет жасаған.
Карнавалға қатысушылардың айтуларынша, сол кезде оттар жарқылдап, төмендегі жұртты үрей билеген. Бірнеше адам тоқ ұрған бойда қаза тапқан.
«Мен төмен қарай құлап келе жатқан электр желілерін көріп қалдым, одан от жарқылдап жатты. Жұрт аман қалу үшін жан-жаққа қарай қашты», - деді сол кездері платформа жанында тұрған 22 жастағы Наташа Сеинт Флер.
Осыдан кейін зардап шеккендердің бәрі ауруханаларға қарай апарылды.
Мұрат Айтқожа.