АСТАНА. 18 ақпан. Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны Геннадий Зуев аспанда қатар тұрған үш Күнді фотоаппаратқа түсіріп алып, «Однокласники» әлеуметтік желісіне орналастырған. Бұл туралы alau.kz сайты хабарлады.
Фотоәуесқой түсірген суреттерінің астына бұл көрініске қашан тап болған уақытын жазып қойыпты. Онда бұл мерзімнің 5 ақпан екені көрсетілген.
Астрономдар көк жүзінде бір мезгілде үш Күннің көріну құбылысын «Гало әсері» деп атайды. Мұндай жағдай ашық аязды күні кезігеді екен. «Сондай кездерде ауада мұздан жасалған, жай адамның көзіне көрінбейтін алты қырлы шағын кристалдар пайда болады. Күннің сәулесі соларды тесіп өтеді. Нәтижесінде гало оптикалық әсері жасалады», - деп жазады басылым.
http://youtu.be/4F88hB37NVo
Айтқандай, осының алдында тап осындай көрініске рудныйлықтардағы Ресейдегі көршілері - Челябі облысының тұрғындары да куә болыпты. Сол куәлардың бірі аталған көрініс бейнеленген видеоны Youtube хостингіне Shuriksandr деген никпен салыпты.
Челябі жерінің басқа тұрғындары әлеуметтік желілерге «үш күн» суреттерін де орналастырыпты.
Мұрат Айтқожа.