• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2015

Египетте ресейліктерге рубльмен есеп айырысуға рұқсат етілді

322 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 ақпан. Египет Ресейден келетін туристер тасқынының толастамауына қатты мүдделі. Сондықтан мұндағы магазиндердің көпшілігі ресейліктерге өздерінің рублімен есеп айырысу мүмкіндігі беріліп отыр. Бұл туралы «Газета.Ru» хабарлады. Египеттің туризм министрі Мухаммед Салем мұның Ресейден келетін туристердің бұл жерде өздерін өте қолайлы сезіну үшін жасалып жатқанын айтты. Ол сонымен бірге, Египет билігінің Ресей туристерінің виза үшін төленетін төлемнен босатылу мерзімін созу туралы мәселе қарастырып жатқанын да хабардар етті. Мұнда Ресей саяхатшылары қаңтардан сәуірге дейін $25 көлемінде төлем төлеуден босатылған. Алайда, «баж каникулы» уақыты енді бүкіл жаз кезеңін қамтуы әбден мүмкін. Сол сияқты Египет курорттары үшін сатылатын билеттің санын 20 пайызға көбейту жоспарланып отыр. «Египет билігі мұндай қадамға екі елдің арасындағы есеп айырысуды рубльмен жүргізу жөнінде ресми деңгейде келісім жасалғаннан кейін барып отыр», - деді салем. Атап өткендей, Ресей мен Египет қазір ресейлік компаниялардың, соның ішінде, туристік ұйымдардың Египеттегі мейманханаларда рубльмен есеп айырысулары, ал Египет жағының өз кезегінде ресейлік тауарларды рубльмен сатып алулары жайында жұмыс жасап жатыр. Мұрат Айтқожа.