АСТАНА. 23 маусым. Кеше түнде Арменияның астанасы – Ереван қаласында электр қуаты бағасының артуына байланысты шеруге шығушыларды полиция қуып таратты. Бұл туралы «Новости Армения» порталына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.
«Құқық қорғаушылар күш қолданылуға дайындық туралы мәлімделгеннен кейін бірнеше сағаттан соң Ереванның орталығында электр қуаты тарифының өсуіне қарсылық білдіру акциясына қатысушыларды қуып таратты», – делінген портал хабарламасында.
Баграмян даңғылын тазартар алдында қала полициясы бастығының орынбасары Валерий Осипян шерушілерден 10 минуттың ішінде өз еріктерімен тарап, Азаттық алаңына оралуды талап етті. Ол ел байтағының орталық көшелеріндегі қозғалысты қалпына келтіру қажет екенін айтып түсіндірді.
Осипян сондай-ақ, елдің полициясы бастығының президент Серж Саргсянның шерушілер ұсынатын бес адамнан тұратын парламентариймен кездесіп, жағдайды талқылауға дайын екенін айтқан мәлімдемесін жеткізді.
Хабарланғандай, тарифтің өсуін жедел тоқтатуды талап еткен шерушілер бұл кездесуден бас тартқан.
Мұның алдында топтағылардың полицияның өтінішімен айқайлауларын қойғандары айтылады.
Алдын ала есеп бойынша көшеге шыққандар саны 500 адам шамасында болған.
Осыдан кейін полиция іске кіріскен. Мұның барысында оның су шашатын құралдарды пайдаланғаны да айтылып отыр.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: ras.kz.