• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2015

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №5 

235 рет
көрсетілді

2015 жылғы 9 қаңтар, Астана қаласы Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге уақытша тыйым салу туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәурдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес бұйырамын: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге алты ай мерзіміне уақытша тыйым салынсын. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тарағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы хабарласын; 2) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы; 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігін міндетті түрде белгіленген тәртіппен: осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарласын; Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Еуразиялық экономикалық одағынан басқа мемлекет-мүшелері осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараларды қабылдауы туралы ұсыныстарды енгізсін. 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеге ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет–ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін. 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы А.РАУ. «КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _________________ Б.СҰЛТАНОВ. 20__ жылғы «___»_____________ «КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы _________________ М. ҚҰСАЙЫНОВ. 20__ жылғы «___»_____________ Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 қаңтардағы №5 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге рұқсат берілмеген өңделмеген бағалы металдар, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары № Тауардың қысқаша атауы СЭҚ ТН коды 1. Өңделмеген немесе жартылай өңделген, немесе ұнтақ түрдегі алтын (платинадан алынған гальваникалық қаптамасы бар алтынды қоса алғанда): – монетарлық емес: – – ұнтақ; – – өзге де өңделмеген нысандарда: – – – өзгелері (өңделемеген, сол сияқты тазартылған түрдегі, тазалығы лигатуралық салмақтың 1000 үлесіне қатысты 995 мың үлеске тең немесе одан артық, бұл 995 сынамаға, 995 промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес түйіршіктелген алтынды қоспағанда); 7108 11 000 0 7108 12 000 9 2. Бағалы металдар немесе бағалы металдар жалатылған металдар қалдықтары мен сынықтары; негізінен бағалы металдарды шығару үшін пайдаланылатын, құрамында бағалы метал немесе бағалы металдардың қосылыстары бар өзге қалдықтар мен сынықтары: – – алтын жалатылған металды қоса алғанда, бірақ құрамында басқа да бағалы металдар бар қалдықтарды қоспағанда, алтын 7112 91 000 0 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10231 болып енгізілді.