• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Маусым, 2015

Қостанайда демалыс күндері үш адам суға кетті

309 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 23 маусым.  Екі күн демалыста Қостанай өңіріндегі өзен-көлдерге үш адам батып кетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қостанайда күннің ыстығынан адамдар өзен-көлдерге шомылуға ағылып жатыр.  Бірақ олар    жағажайлардан басқа шомылуға рұқсат етілмеген жерлерге де барады.  Екі күнде үш адамның суға кетуі соның салдары және суға масаң қалпында түсетіндер де оның құрбанына айналды. Сондай бақытсыз оқиғаның бірі Қарабалық ауданындағы кіші Қарабас көлінде орын алды. Суға масаң қалпында түскен 1975 жылы туған ер адам көлге батып кетті. Оның денесін ауыл адамдары тауып, судан шығарып алды. Бақытсыз жағдайлар демалыс күні Рудный қаласында да орын алды. Тобылдың қала маңынан өтетін саласына шомылуға барған 1978 жылы туған жұмыссыз суға түсу ережелерін, сақтықты сақтамағаннан қайтып жағаға шықпады. Судан құтқарушылар оның денесін бір сағаттың ішінде тауып, жағаға шығарды. «Жұт жалғыз болмайды» деген, Тобылға сол күні тағы бір рудныйлық батып кетті. Ішімдік ішіп алып шомылған 1961 жылғы азамат судың құрбанына айналды.  Оның денесін жергілікті тұрғындар судан шығарды. Жалпы шомылу маусымы басталғалы бері 9 адам өзен-көлдерде ажал құшты. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz