• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2015

Павлодарда 144 отбасы жаңа пәтерге ие болды

272 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 18 ақпан. Павлодардағы Естай көшесі, 101/2 және Геринг көшесі, 76/2 көпқабатты екі тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Жаңа пәтерлердің кілті «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі арқылы жас отбасыларға арналған пәтер алу жүйесі тәртібі бойынша берілді. Жалпы, 144 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Жастарды қоныс тойымен құттықтаған облыс әкімі Қанат Бозымбаев биыл Димитров, Толстой, Гагарин–Ворушин көшелері бойындағы және Алюминистрой шағын ауданындағы жаңа тұрғын үйлер құрылысын аяқтау жоспарланып отырғанын жеткізді. Сонымен бірге, облыс орталығында алдағы жылдары «Сарыарқа» және «Достық» шағын аудандары бой көтермекші. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Сурет: Валерий Бугаев.

Соңғы жаңалықтар