• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2015

Көкейкесті мәселелер қозғалған кездесу

232 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Фе­де­рациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушевті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында қауіп­сіз­дік саласындағы екіжақты ын­ты­­мақтастықтың ахуалы мен ке­­лешегі, халықаралық күн тәр­­ті­біндегі мәселелер, соның ішін­де Украинаның оңтүстік-шы­ғы­­сын­­дағы жағдай да талқыланды. Тараптар Еуразиялық эко­­­но­­микалық одақ аясындағы эко­­но­ми­калық ынтымақтастықтың жеке­леген мәселелерін қозғады. Сондай-ақ, Таяу Шығыс пен Ау­ған­стандағы ахуалға байланысты жаңа сын-қатерлерді талқылады. Н.Патрушев елімізге Қазақстан мен Ресейдің Қауіпсіздік Кеңестері аппараттарының арасындағы жос­парлы консультацияларға қатысу үшін келді.