• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №459 

397 рет
көрсетілді

2014 жылғы 12 қараша, Астана қаласы Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн. 2. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Д.Ж. Каленова): 1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министр А.СӘРІНЖІПОВ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығымен бекітілген Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады: 1) білім беру мониторингі – білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау; 2) ұлттық жинақ – әкімшілік деректердің мәліметтеріне сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша іріктелген негізгі индикаторлар мен көрсеткіштер негізінде білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуын сипаттайтын ақпараттық статистикалық жария құжат; 3) ұлттық баяндама – мемлекеттік статистика мен әкімшілік деректердің мәліметтеріне сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша іріктелген индикаторлар мен көрсеткіштер негізінде білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуын сипаттайтын талдамалық жария құжат; 4) білім беру сапасы – білім беру жүйесін сипаттайтын және нақты қол жеткізуге болатын білім беру нәтижелерінің, білім беру жүйесінің жұмыс істеу шарттарының нормативтік талаптарға, әлеуметтік және тұлғалық межелерге сәйкестік дәрежесін көрсететін көрсеткіштер жиынтығы; 3. Білім беру мониторингі білім беру саясатын әзірлеу мен іске асыруды ақпараттық қолдау, білім беруді басқару органдарын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жағдайы туралы өзекті, толық, дұрыс және үнемі жаңартылып отыратын ақпаратпен қамтамасыз ету, білім берудің дамуын талдау және болжау үшін қажетті ақпараттық база қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. 2. Білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібі 4. Білім беру мониторингі ұлттық қауіпсіздік органдарының ведомстволық білім беру жүйесінен басқа білім беру жүйесінің сапасын сырттай және іштей бағалау үшін, оның ішінде халықаралық индикаторлармен (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), ЮНЕСКО) салыстыру үшін статистикалық және талдамалық бағалау көрсеткіштері кешені негізінде жүзеге асырылады. Бағалау осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген білім беру мониторингінің индикаторларына сәйкес жүргізіледі. 5. Білім беру мониторингін жүргізу: 1) ресми статистикалық ақпараттардың және уәкілетті органның шешімімен бекітілген және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетімен келісілген әкімшілік деректердің; 2) мыналардың: білім беру ұйымдарын аттестаттау, аккредиттеу және лицензиялау; педагог және басшы кадрлардың біліктілігін арттыру және аттестаттау; білім беру ұйымдарын саралау; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушыларға біліктілік беру; талдамалық және әлеуметтік зерттеулер барысында алынған құжаттар мен материалдардың негізінде ұдайы бақылау мен деректер жинақтауды ұйымдастыруды көздейді. 6. Мониторингтің үш деңгейлі сатылы құрылымы бар: бірінші деңгей: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) білім беру мониторингінің барлық рәсімдерінің ұйымдастырушылық-әдістемелік және бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етілуін салалық үйлестіруді жүзеге асырады, барынша негізделген және жағдай талаптарына барабар басқарушылық шешімдер үшін білім беру мониторингінің негізгі бағыттары мен қорытындыларын жалпы талдауды айқындайды; 2) ведомстволық бағынысты ұйымдар әкімшілік деректер бойынша қажетті мәліметтерді ұсынады, өздерінің құзыретіне кіретін шешімдер қабылдау үшін зерттеулерге, білім беру мониторингінің нәтижелерін талдауға қатысады; 3) облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары, сондай-ақ жоғары оқу орындары, республикалық орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жүргізеді. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары өз өңірінде мониторинг жүргізу туралы шешім қабылдайды; екінші деңгейді аудандық (қалалық) білім бөлімдері жүзеге асырады; үшінші деңгей мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта (жалпы орта, техникалық және кәсіптік) және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының деңгейінде өткізіледі. 7. Индикаторлар бойынша мәліметтер мен есептілікті Министрлікке жыл сайын облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары, жоғары оқу орындары және республикалық білім беру ұйымдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдар әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысандар мен мерзімдерге сәйкес ұсынады. 8. Министрлік білім беру мониторингінің қорытындыларын шығаруды жыл сайын: 1) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін ұлттық жинақ түрінде; 2) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 тамызына дейін Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы ұлттық баяндама түрінде жүзеге асырады. 9. Деңгейлердің мониторингілік жүйелерінің жұмыс істеуінің келісімді болуы үшін компьютерлік желі түрінде бірыңғай ақпараттық жүйе құрылады, ақпаратты жинақтаудың, берудің және сақтаудың автоматтандырылған рәсімі енгізіледі. 10. Бiлiм беру мониторингінің субъектілері бiлiм беру мониторингінің деректерiн қалыптастырып, қағаз жеткізгіште және электрондық форматта ұсынады. 11. Білім беру мониторингінің нәтижелерін талдауға жұмыс берушілер, ата-аналар қауымдастығының өкілдері тартылады. Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларына қосымша Білім беру мониторингінің индикаторлары № № Индикаторлар Мерзімі Тақы-рыптық блоктар 1 2 3 4 5 1. 1 Республикадағы бастауыш біліммен қамтылған оқушылар саны (БЖХС 1), адам Есепті жылдың қыркүйек-желтоқсаны 2 Республикадағы орта біліммен қамтылған оқушылар саны (БЖХС 2/3), адам 3 Республикадағы оқушылар санының серпіні (соңғы 5 жылда): бастауыш білім (БЖХС 1), адам 4 Республикадағы оқушылар санының серпіні (соңғы 5 жылда): негізгі орта, жалпы орта білім (БЖХС 2/3), адам 5 Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту (1 жастан 6 жасқа дейін, 3 жастан 6 жасқа дейін), % (МСКО 0) 6 Мектепалды даярлықпен қамту (5-6 жас), % (МСКО 0) 7 Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың саны және жас ерекшелік құрамы, адам 8 Балабақшалардың жалпы санынан жекеменшік балабақшалардың үлесі, % 9 Мектепке дейінгі ұйымдардағы топтардың орташа толықтығы, адам 10 Сыныптардың орташа толықтығы: бастауыш білім (БЖХС 1), адам 11 Сыныптардың орташа толықтығы: негізгі орта білім (БЖХС 2), адам 12 10-11(12) сыныптардың орташа толықтығы: жалпы орта білім (БЖХС 3), адам 13 Бастауыш мектепті бітірген күндізгі жалпы білім беретін мектеп оқушылары, адам 14 Негізгі орта білім туралы куәлік алған күндізгі жалпы білім беретін мектеп оқушылары, адам 15 Жалпы орта білім туралы аттестат алған күндізгі жалпы білім беретін мектеп оқушылары, адам 16 Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының жалпы санынан қосымша біліммен қамтылған жалпы білім беретін мектеп оқушыларының үлесі, % 17 Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша мектептер базасында жұмыс істейтін үйірмелер саны, бірлік 18 Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының жалпы санынан спорттық секциялармен қамтылған жалпы білім беретін мектеп оқушыларының үлесі, % 19 Мектеп базасындағы спорттық секциялардың саны, % 20 Жалпы білім беретін мектептердегі даму мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың үлесі, % 21 Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептер саны, бірлік (тұтқалар, пандустар, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу) 22 Мектептердің жалпы санынан авариялық жағдайдағы мектептердің үлесі, % 23 Оқушы орнының тапшылығы, орын 24 Үш ауысымда сабақ жүргізетін мектептер үлесі, % 25 ТжКБ жүйесінде ағымдағы жылы енгізілген оқушы орындарының саны, орын 26 Оқушылардың жалпы санынан оқулықпен қамтамасыз етілген оқушылардың үлесі, % 27 10 және одан көп күн дәлелді себепсіз мектепке бармай жүргендігі анықталған балалардың саны, адам 28 Тасымалдауға мұқтаж балалардың жалпы санынан мектебі жоқ елді мекендердегі жайлы тасымалдаумен қамтылған балалардың үлесі, % 29 Мектептердегі оқушылардың жалпы санынан ыстық тамақпен қамтылған балалардың үлесі, % 30 Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың жалпы санынан тегін ыстық тамақпен қамтылған аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың үлесі, % 31 Интернетке, оның ішінде кең жолақты интернетке қосылған мектептер саны, бірлік 32 Компьютерлік техниканың оқушылар санына арақатынасы (мектептегі компьютерлер саны / оқушылар саны), бірлік 33 Оқушылардың жалпы санынан 12 жылдық оқыту бойынша білім беру бағдарламаларымен қамтылған оқушылар үлесі, % 34 ТжКБ ұйымдарында білім алушылардың саны (БЖХС 3, 4, 5), адам 35 Типтік жастағы халықтың жалпы санынан 14-24 жастағы жастарды ТжКБ-мен қамту үлесі, % 36 ТжКБ ұйымдарына білім алушыларды қабылдау, адам 37 ТжКБ ұйымдарын білікті мамандардың бітіруі, адам 38 Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған бітірушілердің жалпы санынан ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуды бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен қамтылған және жұмысқа орналасқан бітірушілердің үлесі, % 39 ТжКБ бітірушілерінің жалпы санынан жұмысқа орналасқан бітірушілердің үлесі, % 40 ТжКБ ұйымдарында білім алушылардың жынысы, жас ерекшелігі және оқу нысаны бойынша құрылымы, адам 41 Білім деңгейлері бойынша Қазақстандағы білім алушылар саны, адам Есепті кезеңнен кейінгі жылдың қаңтары 42 Республикадағы білім алушылар санының серпіні (соңғы 5 жылда): техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (БЖХС 3, 4, 5, 6, 7, 8), адам 43 Қазақстандағы студенттердің жалпы санындағы шетелдік студенттердің үлес салмағы: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (БЖХС 5, 6, 7, 8), % 44 ЖОО бітірушілерінің жалпы санынан мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан ЖОО бітірушілерінің үлесі, % 45 ЖОО бітірушілерінің жалпы санынан жоғары оқу орындары бөлінісіндегі жұмысқа орналасқан бітірушілердің үлесі, % 46 Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған бітірушілердің жалпы санынан мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, ЖОО-ны бітіргеннен кейін алғашқы жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан жоғары оқу орындарын бітірушілердің үлесі, % 47 Жоғары оқу орындары студенттерінің құрамындағы әйелдердің саны, адам 48 Жоғары оқу орындары студенттерінің жынысы, жас ерекшелігі және оқу нысаны бойынша құрылымы, адам 49 Оқыту нысандары бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің саны, қабылдануы және мамандардың бітіруі, адам 50 Магистранттардың құрамындағы әйелдердің саны, адам 51 Магистранттардың жынысы және жас ерекшелік топтары бойынша құрылымы, адам 52 Магистранттардың саны, қабылдау және магистратураны бітіру, адам 53 Магистратураны бітірушілердің жалпы санынан магистратураны магистрлік жұмысты қорғаумен аяқтағандардың үлес салмағы, % 54 РhD докторанттарының құрамындағы әйелдер саны, адам 55 РhD докторанттарының жынысы және жас ерекшелік топтары бойынша құрылымы, адам 56 РhD докторантураны жалпы бітірушілерден РhD докторантураны диссертация қорғаумен аяқтағандардың үлес салмағы, % 57 Іске асырылып жатқан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім бағдарламаларының саны, бірлік 58 Бір оқытушыға шаққандағы студенттер саны, адам 59 Бір оқытушыға шаққандағы магистранттар мен докторанттар саны, адам 60 Штаттық оқытушылар санынан ғылыми дәрежесі мен атағы бар оқытушылар үлесі, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың негізгі және бейіндік пәндері бойынша, % 2. 61 Ішкі жалпы өнімге пайызбен алғанда республикадағы білімге жұмсалатын шығыстар, % Есепті кезеңнен кейінгі жылдың ақпаны Білімге инвес-тиция-лан-ған қаржы ресурс-тары 62 Республикадағы білімге жұмсалатын мемлекеттік шығыстар, млрд. теңге 63 Білім деңгейлері бойынша бір білім алушыға шаққандағы республикадағы білімге жұмсалатын шығыстар, мың теңге 64 Білім деңгейлері бойынша білімге жұмсалатын мемлекеттік шығыстар, млрд. теңге 65 Білім беру жүйесінің ақылы қызметтерінің көлемі, мың теңге 3. 66 Оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың нәтижелері Жаратылыстану-математика циклінің пәндері бойынша тестік тапсырмалардың жалпы санынан 50%-дан жоғары нәтиже көрсеткен бастауыш мектеп оқушыларының үлесі, % Есепті жылдың шілдесі Білім беру сапасын бағалау және бақылау 67 Тестіленушілердің жалпы санынан барлық пәндер бойынша тестік тапсырмалардың 75% шектік деңгейінен өте алмаған негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлесі, % 68 Тестіленушілердің жалпы санынан барлық пәндер бойынша тестік тапсырмалардың 75% шектік деңгейінен өте алмаған студенттердің үлесі, % 69 Тестіленушілердің жалпы санынан қазақ тілі бойынша тестік тапсырмалардың 75% шектік деңгейінен өте алмаған білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлесі, % 70 Қатысушылардың жалпы санынан кәсіптік даярлық пен біліктілік беру деңгейін бағалаудан бірінші реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі, % Есепті жылдың желтоқсаны Есепті жылдың шілдесі 71 Қатысушылардың жалпы санынан жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тәуелсіз бағалаудан бірінші реттен өткен ЖОО бітірушілерінің үлесі, % 72 PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының нәтижелері 73 Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелері Республика бойынша ҰБТ пәндері бойынша орташа балл, балл 74 ҰБТ-ға қатысушылардың жалпы санынан ҰБТ нәтижелері бойынша шектік деңгейден өтпеген бітірушілер үлесі, % 75 Үміткерлердің жалпы санынан ҰБТ нәтижелері бойынша «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестатын растаған бітірушілер үлесі, % 76 Кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері Тестіленушілердің жалпы санынан КТ бойынша шектік деңгейден төмен балл алған талапкерлер үлесі, % 77 Республикалық және халықаралық деңгейдегі интеллектуалдық жарыстарға қатысу қорытындылары Халықаралық олимпиадаларда және ғылыми жарыстарда жүлделі орындарға ие болған жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың саны, адам Есепті кезеңнен кейінгі жылдың қаңтары 78 Қатысушылардың жалпы санынан халықаралық, республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған жүлдегерлердің үлесі, % 79 Кадрларды даярлау сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру Өңірлер бойынша бастауыш білім сапасы (әлеуметтанушылық зерттеулер), өңірдің рейтингтегі орны Есепті кезеңнен кейінгі жылдың қаңтары 80 Математика мен жаратылыстану ғылымдары бойынша білім сапасы (таңдамалы бақылау қимасындағы зерттеулер), өңірдің рейтингтегі орны 81 Өңірлер бойынша жалпы орта білім сапасы (әлеуметтанушылық зерттеулер), өңірдің рейтингтегі орны 82 Өңірлер бойынша ТжКБ сапасы (әлеуметтанушылық зерттеулер), өңірдің рейтингтегі орны 83 Жоғары білім сапасы (әлеуметтанушылық зерттеулер), рейтингтегі орны 84 Менеджмент/басқару мектептерінің сапасы (әлеуметтанушылық зерттеулер) 85 Білім беру саласындағы ақпаратқа халықтың қолжетімділігі (сайттар бойынша зерттеу), рейтингтегі орны 86 Мемлекеттік мектептердің жалпы санынан электрондық оқыту жүйесін (e-learning) енгізген мектептердің үлесі, % 87 ТжКБ ұйымдарының (мемлекеттік) жалпы санынан электрондық оқыту жүйесін енгізген ұйымдардың үлесі, % 88 ТжКБ-нің мемлекеттік оқу орындарының жалпы санынан қазіргі заманғы оқу жабдықтарымен жарақтандырылған ТжКБ-нің мемлекеттік оқу орындарының үлесі, % 89 ЖОО студенттерінің жалпы санынан жұмыс берушілер мен шетелдік инвесторлардың қаражаты есебінен техникалық мамандықтарда оқитын студенттердің үлесі, % 90 Жұмыс берушілермен кейіннен жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін өндірістік практика базаларымен қамтамасыз ету үшін шарт жасасқан ЖОО-лардың үлесі, % 91 Индустриялық-инновациялық даму шеңберінде кадрлар даярлауды жүзеге асыратын ЖОО-лардың жалпы санынан қазіргі заманғы зертханалық жабдықтармен жарақтандырылған ЖОО-лардың үлесі, % 92 Баспанаға мұқтаж студенттердің жалпы санынан жатақханаларда үй- жайлармен қамтамасыз етілген студенттердің үлесі, % 93 Елдің жетекші ЖОО-ларына тартылған шетелдік ғалымдардың, оқытушылар мен консультанттардың саны, адам 94 Соңғы 5 жыл ішінде импакт-факторлы ғылыми журналдарда жарияланымдары бар ЖОО-ның профессор-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің үлесі, % 95 Білім беру ұйымдарының жалпы санынан қамқоршылық кеңестер құрған ұйымдардың үлесі, % 96 ЖОО-лардың жалпы санынан отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізудің негізінде білім мен ғылымды кіріктіру арқылы инновациялық қызметті жүзеге асыратын ЖОО-лардың үлесі, % 97 Үлгерімді ағымдағы бақылау және білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері Білім беру деңгейлері бойынша облыстар бөлінісінде ағымдағы үлгерім қорытындылары бойынша «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» баға алған оқушылар саны, адам Есепті жылдың қыркүйек-желтоқсаны 98 Жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің жалпы санынан жалпы орта білім туралы үздік аттестат алған жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің үлесі, % 99 ТжКБ ұйымдары бітірушілерінің жалпы санынан үздік диплом алған бітірушілердің үлесі, % 100 ЖОО бітірушілерінің жалпы санынан үздік диплом алған бітірушілердің үлесі, % 101 Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, аккредиттеу нәтижелері Соңғы 5 жылда мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдарының саны, бірлік Есепті кезеңнен кейінгі жылдың қаңтары 102 Аттестатталғандардың жалпы санынан мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген білім беру ұйымдарының үлесі, % 103 ЖОО-дағы мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген мамандықтар саны, бірлік 104 Танымал шетелдік агенттіктерде халықаралық аккредиттеуден өткен ЖОО-лардың саны, бірлік 105 Аккредиттелген оқу орындарының саны, бірлік 106 Аккредиттелген білім беру бағдарламаларының саны, бірлік 107 ЖОО-лардың жалпы санынан халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалдық аккредиттеуден өткен ЖОО-лар үлесі, % 108 ЖОО-лардың жалпы санынан халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өткен ЖОО-лар үлесі, % 109 Педагог және басшы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау нәтижелері Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы мұғалімдердің жалпы санынан білім деңгейі, біліктілігі, стажы, жасы, жынысы, санаты бойынша мұғалімдердің үлесі, % Есепті жылдың қыркүйек-желтоқсаны 110 Мұғалімдердің жалпы санынан соңғы 5 жылда біліктілігін арттырған мұғалімдердің үлесі, % 111 Педагогтердің біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі бойынша біліктілігін арттырған педагогтердің үлесі («Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның педагогикалық шеберлік орталықтары, «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы) 112 Білім беру ұйымдары басшыларының жалпы санынан менеджмент саласында біліктілігін арттырған және қайта даярлаудан өткен басшылардың үлесі, % 113 Шағын жинақты мектептердегі мұғалімдердің сапалық құрамы, адам 114 Жалпы білім беретін мектептердің (қалалық, ауылдық жерлердегі), ТжКБ ұйымдарының педагог қызметкерлерінің, ТжКБ ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерінің сапалық құрамы, адам 115 Облыстар, аудандар бойынша мамандықтар бөлінісіндегі республиканың мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептеріндегі педагог кадрларға деген қажеттілік туралы мәліметтер, адам 116 Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің (қалалық және ауылдық мекендер) педагог қызметкерлерінің білім беру деңгейі, адам 117 1-4 сыныптардағы мұғалімдердің жалпы санынан орта және жоғары кәсіптік білімі бар олардың үлесі, % 118 Жаратылыстану-математика циклі мұғалімдерінің жалпы санынан орта және жоғары кәсіптік білімі бар олардың үлесі, % 119 ЖОО-лардың штаттық профессорлық-оқытушылық құрамының жалпы санынан ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы (ғылым кандидаттары, ғылым докторлары, философия докторлары (PhD), доценттер) бар штаттық профессорлық-оқытушылық құрамның үлесі, % 120 ЖОО-лардың штаттық оқытушылық құрамының жалпы санынан академиялық дәрежесі бар (философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, магист) штаттық оқытушылық құрамның үлесі, % 121 Білім беру жүйесіндегі педагог және басшы, ғылыми-педагог кадрлардың біліктілігін арттыруы туралы мәліметтер, адам («Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ, «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» акционерлік қоғамы, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ, шетел орталықтары) 122 ТжКБ ұйымдарының педагог кадрларының жасы, стажы, білімі және санаты бойынша сандық және сапалық құрамы, адам 123 ТжКБ ұйымдарындағы педагог кадрларға деген қажеттілік туралы мәліметтер, адам 124 Жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жас ерекшелік құрамы, адам 125 Білім беру ұйымдарында оқытушыларды жынысы мен жасына қарай бөлу, адам 126 Біліктілікті арттыру жүйесі мамандарының жалпы санынан академиялық және ғылыми дәрежелері бар мамандардың үлесі, % 127 Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жүзеге асыратын педагогтер саны, адам 128 Инновациялық ғылыми-педагогикалық жобаларды енгізген (енгізілген немесе жалпы білім беретін мектептерде практикада сынақтан өткен) мектептер саны, бірлік 129 Білім беру ұйымдарын саралау нәтижелері Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының рейтингісі ЖОО-лардың жалпы санынан Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының ұлттық рейтингісіне қатысқан жоғары оқу орындарының үлесі, % Есепті жылдың шілдесі 130 Әлемдік үздік университеттердің рейтингісінде белгіленген қазақстандық ЖОО-лардың саны, бірлік 131 Қазақстандық ғалымдар жарияланымдарының жалпы санынан әлемнің жетекші рейтингтік ғылыми журналдарындағы жарияланымдардың үлесі, % Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: БЖХС – білім беру жіктеуіштерінің халықаралық стандарты ТжКБ – техникалық және кәсіптік білім ЖОО – жоғары оқу орны Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 8 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 9940 болып енгізілді.