Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік Кеңестерінің хатшылары Нұрлан Ермекбаев пен Николай Патрушевтің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңестері аппараттары арасында жоспарлы консультациялар өтті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Консультацияға, сондай-ақ, екі елдің тиісті мемлекеттік органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.
Тараптар Орталық Азиядағы және Ауғанстандағы ахуалды қамти отырып, қауіпсіздік саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, 2015 жылғы 1 қаңтардан ЕАЭО қызметінің басталуына байланысты өзара іс-қимылдарды талқылады.
Сондай-ақ, діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл, әскери-техникалық ынтымақтастық пен көші-қон үдерістерін реттеу салаларындағы түрлі мәселелер жөнінде пікір алмасылды.
Консультациялар қорытындысы бойынша қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру мақсатында хаттама әзірленді.