• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2015

3 000 000 теңгесін жасыра алмады

190 рет
көрсетілді

Еліміздің шығысында орналасқан Зайсан шекара отрядына қарасты «Майқапшағай» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары қомақты қаржыны жасырын жолмен алып өтпек болған қытай елінің азаматын ұстады. Аспан асты елінен Қазақстанға «Ютон» автобусымен келе жат­қан 40 жасар қытайлық өзінде еш­қандай заңсыз заттың жоқ екендігін хабарлады. Ал автобус­тың ұңғыл-шұңғылын терең­де­тіп қараған кезде оның бір қуысы­нан қомақты ақша шыға келді. Санап жібергенде анау-мынау емес – ­3 000 000 теңге болып шықты, деп хабарлады ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі. Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылық ко­дексінің 551-бабы, яғни «Тауар­лар­ды, қолма-қол ақшаны, жол чектерін, немесе құнды қағаздарды жарияламау немесе дұрыс жарияламау» бабы бойынша іс қозғалып, кеден бекетіне тапсырылды.