• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2015

Футбол. Қазақстан мен Молдова тең ойнады

287 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 ақпан. Кеше түнде Түркияның Анталья қаласындағы «Мардан» стадионында Қазақстан және Молдова құрама командалары жолдастық кездесу өткізді. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады. Кездесудің бірінші таймында екі жақ бір-бірлері қақпаларының құлпын аша алмады. Ойынның басында қазақстандықтар ұрған айып добы қарсыластар торына кіріп кете жаздады. Ал екінші таймның басында, 47-минутта қазақстандықтарға бірінші болып есеп ашудың орайы келді. Допты алаңға сол кезде шыққан Бауыржан Исламханнан пас алған Алексей Щеткин түсірді. Алайда, жерлестеріміздің бұл басымдылығы ұзаққа бара қоймады. Молдовандар 55-минутта таразы басын теңестіріп кетті. Оны қақпа алаңына әуелей жеткен допты шалқалай беріп, артқа қарай келістіріп ұрған Александр Гацкан салды. Айта кетуіміз керек, бас жаттықтырушы Юрий Красножан бұл жолы алаңға экспериментті құрамды шығарды. Соның қатарында «Астана» сапында ойнайтын Ненад Эрич бірінші рет қақпа қорғады. Қазақстан азаматтығын алған бұл футболшы осылай өзінің алғашқы сынағын өткізді. Енді біздің құрама келесі ойынын 28 наурыз күні өткізбекші. Онда Қазақстан құрамасы Еуропа біріншілігі іріктеу турнирі шеңберінде Исландияны қабылдайды. Содан кейін, 31 наурызда Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Матчтың ойналатын жері әлі белгіленген жоқ. Оның Мәскеу қаласында ойналуы да мүмкін. Дамир Қожамқұл. Дерек, фото: Vesti.kz.