• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2015

Тайқазан Петропавлдан Павлодарға табыс етілді

279 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 19 ақпан. «Қазақстан халқы Ассамблеясы-20 игі іс «эстафетасы аясында ұйымдастырылған акция Қызылжар өңірін бірнеше күн аралап, өз мәресіне жетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Шара барысында ұйымдастырылған көшпелі баспасөз конференциясына әкімдіктің жауапты қызметкерлері мен этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Олар акция аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова ашты. Ол Президенттің «Біздің басты байлығымыз – бірлігіміз. Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін» деген пайымдарын еске сала отырып, халықтар мен діндер арасындағы келісім Қызылжар өңірінің де басты өзегі болып табылатынын алға тартты. Оның сөзін «Орыс қауымдастығы» ұйымының басшысы Николай Авдеев, «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Кәрібай Мұсырман, СҚМУ-гі Қазақстан Ассамблеясы кафедрасының жетекшісі Людмила Гривенная, тағы басқалары толықтырып, біздің Отанымыз – ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз жалғыз. Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігіміз берік болсын деген тілектерін арнады. Эстафетаның соңғы нүктесі Погодин атындағы орыс драма театрында қойылды. Онда облыс әкімінің орынбасары А.Дүйсенова Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылу рәсіміне орай ұйымдастырылған «20 игі іс» эстафетасының символы – Тайқазанды   Павлодар облыстық ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Сейсенбай Жетпісбаевқа дүйім жұртшылықтың алдында салтанатты түрде табыс етті. Салтанатты рәсім соңы концертке ұласты. Өмір Есқали. Дерек: egemen.kz. Сурет: «ҚазАқпарат».