• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2015

Сәуірде Қазақстанға Венгрия премьер-министрі келеді

239 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 ақпан. Сәуір айының басында Қазақстанға ресми сапармен Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан келеді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, ол өзінің венгриялық әріптесімен сөйлесіп, сапар жайын талқылаған. «Біз бүгін Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның Қазақстанға сапары жөнінде сөйлесіп, дайындық жұмыстарын талқыладық. Орбан мырза әлемдегі алдыңғы қатарлы саясаткер. Оның көп жайтқа қатысты өзіндік көзқарастары бар. Сондықтан біз Виктор Орбанның сапарын асыға күтеміз. Сапардың басты тақырыбы қос ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты күшейту жұмыстары болмақ», – деді министр. Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Венгрия арасындағы экономикалық қатынастарды дамыту үшін арнайы екіжақты кеңес құруды жоспарлап отырғандарын айтып өтті. Жолдыбай Базар. Дерек: egemen.kz. Сурет: news.gazeta.kz.