Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжанның Қазақстандағы елшісі Лятиф Сейфеддиноғлы Гандиловты оның біздің елдегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.
Кездесу барысында Төраға Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы достық қатынастарды нығайтуға қосқан қомақты үлесіне орай Л.Гандиловқа алғыс айтып, алғыс хат табыс етті.
“Біздің мемлекеттерімізді халықаралық саясаттың ауқымды мәселелеріне көзқарастар ұқсастығы, экономикалық және саяси белсенді байланыстар және мәдениеттер ортақтығы біріктіреді”, – деді Қ.Тоқаев.
Л.Гандилов өз кезегінде елші кезіндегі қызметін қолдағаны үшін қазақстандық басшыларға ризашылығын білдірді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.