• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Наурыз, 2015

Бесінші рет босанған Роза Әлқожаға күйеуі көлік сыйлады

478 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 наурыз. Қазақстандық белгілі әнші-композитор Роза Әлқожаға күйеуі Айдын Қаба үлкен сый жасап, қымбат автокөлікті тарту етті. Бұл туралы әлеуметтік желілерде хабарланды. «Аяулы жар, аяулы ана, батыр ана, елдің ерке қызы, менің шаңырағымның шаттығы, ұйытқысы, 5 баламның анасы Розаға өзіне ұнайтын көлікті бала-шағамыздың атынан сыйға тарттық! Биіктерден көрініп, халықтың сүйіспеншілігіне бөлене бер, Роза! Сен бұдан да жақсы сыйлықтарға лайықсың», - деп жазады Айдын Қаба өз парақшасында. Еске сала кетейік, белгілі әнші Роза Әлқожа жақында бесінші перзентін дүниеге әкелген болатын. Мұрат Айтқожа.