• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
21 Наурыз, 2015

Елімізде бірқатар жаңа соттар құрылды

236 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 наурыз. Президенттің Жарлығымен бірқатар өңірлерде сот мекемелері құрылды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада көрсетілгендей, Алматы және Шымкент қалаларының жаңа әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінде тиісінше, Наурызбай және Қаратау аудандық соттары құрылды. Бұдан бөлек, Алматы қаласының аумағында Медеу ауданының № 2 қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған аудандық сот қатарға қосылды. Тәжірибеге сүйенсек, мамандандырылған соттар жүйесін енгізу әділ шешім шығаруға және сот істерінің сапалы қарастырылуына септігін тигізеді. Сондай-ақ, Президент Жарлығына сәйкес, Ақмола облысындағы Жақсы ауданының № 2 соты және Қостанай облысындағы Рудный қаласының № 2 соты таратылды. Аталған соттар қызметі мұндағы халық тығыздығының төмендігіне, жұмыстың аздығына байланысты тоқтатылды. Енді олардың міндетіндегі барлық мәселелер Ақмола облысындағы Жақсы аудандық соты мен Қостанай облысындағы Рудный қалалық сотының құзыретіне берілді. Бұл шаралар азаматтардың соттарға жүгінге қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған және Ақмола мен Қостанай облыстарының аумағында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетуге шектеу болмайды. Мұның барлығы алдын-ала жергілікті атқарушы органдармен келісілген. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.