«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылдың 8–10 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Атлант циклонының әсерінен еліміздің басым өңірінде ауа райы құбылмалы болады: жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, сондай-ақ тұман, көктайғақ және боранмен бірге желдің күшеюі болжанды.
Тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
«Күндізгі ауа температурасының негізгі фоны батыс өңірлерде +5…+15°С, солтүстік-батыста 0…+10°С, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда –3…+2°С, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +5…+15°С шамасында болады», деп хабарлады «Қазгидромет».