• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
06 Шілде, 2010

АСТАНА ҚҰРДАСТАРЫНА ЕЛБАСЫ ТІЛЕГІ

549 рет
көрсетілді

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Елорданың он екі бірегей ғимараты Астана құр­дастары үшін” атты жемісті жүзеге асырылған бағдарламаның аясында қаланың ең әсем ғимараттарын аралап көрген елорда құрдастары – балалармен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің баспасөз қызметі. Мұндай ең танымал ғимарат­тар­дың қатарына “Қазақстан” ор­талық киноконцерт залы, Тұңғыш Президенттің Интеллектуалдық мектебі, “Бәйтерек” кешені, Назарбаев университеті, “Астана Арена” жабық стадионы, “Қазақ елі” монументі, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, “Шабыт” шығармашылық сарайы, сондай-ақ “Думан” және “Керуен” ойын-сауық кешендері жатады. Сол күні балалар Қазақстан Рес­публикасы Президентінің резиден­циясында болып, Ақорда­дағы залдарды аралап көрді. – Қазіргі уақытта Астанада балаларға арналған Тұңғыш Президенттің Интеллектуалдық мектебі ашылды. Оны бітіргеннен кейін оқуды жаңа халықаралық университетте – Назарбаев университетінде жалғастыруға болады. Ондағы білім деңгейі әлемнің үздік жоғары оқу орындарынан кем түспейді, – деп атап өтті Мемлекет басшысы оқушылармен әңгімелесу кезінде. Президент дене шынықтырумен және спортпен айналысудың маңыздылығын атап өтті. – Біз сендер бақытты және білімді азамат болып шығуларың үшін бәрін жасаймыз, – деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев. Президент оқушыларға терең білім меңгеріп, келешекте Отанымыздың лайықты азаматы болу үшін алға ұмтылуларың қажет деген игі тілегін білдірді.