• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда 24 Қараша, 2025

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 40-қа жуық адам жауапқа тартылды

20 рет
көрсетілді

«Қылмысты тоқтату» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер көші-қон қызметі жедел бөлімшелермен бірлесіп қоғамдық тамақтану орындарында, базарларда, көлік жуу бекеттерінде және жолаушылар тасымалы саласында 40-қа жуық құқық бұзушылық анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

 Елімізде «Қылмысты тоқтату» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.  Іс-шараның мақсаты – көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау.

Екі күн ішінде шамамен 40-қа жуық құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде:

елде болу мерзімі аяқталғаннан кейін уақтылы шықпау, визада көрсетілген мақсатқа сай келмейтін қызметпен айналысу, рұқсатсыз жұмыс істеу деректері анықталды.

Мәселен, жолаушыларды арнайы рұқсатсыз тасымалдаған 32 жастағы шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай құқық бұзушылықтар такси жүргізушілері, сондай-ақ көлік жуу бекеттері мен базарларда жұмыс істейтіндердің арасында анықталды.

Анықталған барлық фактілер бойынша заң аясында шаралар қабылданды. Көші-қон полициясы шетелдік азаматтар мен жұмыс берушілерге көші-қон заңнамасының талаптарын түсіндіріп, ел аумағында заңды болу және еңбек қызметін жүзеге асыру тәртібі туралы ақпарат беруде.

Мұндай іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қаладағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар