АҚШ-та 80 жастағы Натали Грэбо әлемдегі ең қиын көпсайыстардың бірі саналатын «Ironman 140.6» жарысын толық аяқтаған ең егде жастағы әйел атанды.
Ол 3,9 км жүзу, 180 км веложарыс және 42 км марафоннан тұратын қашықтықты 16 сағат 45 минут 26 секундта еңсеріп, бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты. Натали жастайынан спортқа кәсіби түрде ден қоймағанымен, 30 жасында жүгіруді бастап, 40-50 жасында жартылай марафондарға қатысқан. Гавай аралдарындағы биылғы чемпионат – оның спорттық жолындағы ең биік белес. Осыған дейін 78 жастан асқандар арасында ешкім мұндай қашықтықты бағындыра алмаған еді.