• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Желтоқсан, 2025

Қостанай облысында жүргізуші куәлігі жоқ 19 адам ұсталды

20 рет
көрсетілді

Жол-көлік апатын азайту және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қолға алынған «Қауіпті жүргізуші»  іс-шарасы аясында полиция мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірдегі республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың бойында 42 патруль кезекшілік етеді. Одан тыс 1 аумақтық бақылау бекеті жұмыс істеп тұр. Полиция тек жол ережесін бұзушыларды ғана тіркеп қоймай, жаяу жүргіншілермен де профилактикалық әңгіме өткізіп, жолдақауіпсіз жүріп-тұру қағидаларын түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

«Іс-шараның алғашқы үш күнінде мас күйде көлік жүргізген 12 адам, жүргізуші куәлігі жоқ 19 адам ұсталды. Оның 11-і – көлік жүргізу құқығынан айырылғандар. Сондай-ақ, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен 7 жүргізуші анықталды», дейді облыстық ПД-ның баспасөз орталығы.

«Қауіпті жүргізуші» операциясы апта соңына дейін жалғасады.

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар