Қайғылы жағдай 6 желтоқсанда түнгі сағат 02:30 шамасында Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Аққора ауылы маңындағы далада болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адам аң аулауға шықпас бұрын алкоголь ішкен. 36 жастағы ер адам 39 жастағы серігін абайсызда атып жіберген.
Қазіргі таңда қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.