• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
08 Шілде, 2010

БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАУ

620 рет
көрсетілді

Астанамыз – Қасиетті төріміз, Айбынымыз, Айбат тұтар өріміз. Жер-жаһанның оған ауған назары. Мақтан тұтып, Мадақтаймыз оны біз. Болашағым – Астанамда басталған, Түнек түн де Астанамнан жасқанған. Сұлу қала Ертегілер елінен Жаңа түсе қалғандайын Аспаннан. Ақиқатын айтар болсақ нақтылы, Қазағымның пейіліндей пәктігі Астананы – Бас қаланы туғызған Президент Назарбаев – Авторы! Астанамыз – Жүректердің толғауы, Астанамыз – Миллиондардың қолдауы. Жас қаламыз, Дастан, аңыз, Астана Елбасының Болашаққа Жолдауы, Елбасының мәңгілікті таңдауы! Қайрат ЖҰМАҒАЛИЕВ. ОРАЛ.