• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
08 Шілде, 2010

АСА ҚАДІРЛІ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ!

782 рет
көрсетілді

Сіздің қажырлы, жігерлі еңбегіңіздің арқасында өскелең, тәуелсіз мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының аты әлемге әйгілі болды. Жер бетінде XXІ ғасырдағы ғажайып, қазіргі заманның ең жоғары талаптарына сай, барлық қазақстандықтардың мақтанышы – Астана қаласы бой көтерді! Еліміздің жас ұрпағы Сіз өткен өмір жолыңыздан үлгі алады, себебі, Сіздің даналығыңыз, саяси сахнадағы абырой, беделіңіз бүкіл әлемге мәлім. Қазақстанның өнері мен мәдениетінің ілгері басып, алға даму жолындағы Сіздің еңбегіңізге шын жүректен алғы­­­сымызды білдіреміз. Дарынды балаларымыздың халықаралық және республикалық шығармашылық байқауларына қатысып, биік жетістіктерге жетуі Сіздің жан-жақты көмегіңіз арқылы жүзеге асырылып отыр. Қазақстан халқының алдына Сіз қойған бәсекеге қабілетті мемлекет құру мақсатын жүзеге асыру үшін, біздер біліміміз бен еңбегіміз арқылы қомақты үлес қосуға ант етеміз! Сізге зор денсаулық, күш-қуат, сүйікті Отанымыздың игілігі үшін ұзақ өмір тілейміз! Өнер және мәдениет саласындағы республикалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары: А.В. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі: Мырзаханова Қ.Ы. - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қадырова М.Ш. - ҚР еңбек сіңірген әртісі Ли Л.М. - ҚР еңбек сіңірген әртісі Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі: Нүсіпжанова Б.Н. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Есімов Ғ. – Қазақстан Республикасының халық әртісі Құлышева Қ. – ҚР еңбек сіңірген әртісі Қармысова В. - ҚР еңбек сіңірген әртісі Тасбергенов Қ. – ҚР еңбек сіңірген әртісі Стамғазиев Р. – ҚР еңбек сіңірген әртісі Саитова Г. - ҚР еңбек сіңірген әртісі Махамбетов Ж. – ҚР еңбек сіңірген әртісі Өтебаева М. – ҚР мәдениет қайраткері П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі: Кожахметов С.Т. – “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері Изтелеуова Г.Т. – ҚР еңбек сіңірген әртісі Каньшин А.С. - ҚР еңбек сіңірген әртісі Абулханова Х.Х. – Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Адилова Л.Н. - ҚР еңбек сіңірген әртісі Бегендіков Ж.А. - ҚР еңбек сіңірген әртісі Ткишев Т. - ҚР еңбек сіңірген әртісі О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі: Қыстаубаев К.И. – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Молдағалиева А.А. - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дүйсенбаев К. – ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Оспан Б.С. – Баспа және полиграфия ісінің қайраткері