• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 18 Желтоқсан, 2025

Жаңа термин

10 рет
көрсетілді

Америкалық психиатр Рами Ка­мински психологияға «отроверт» терминін ұсынды. Бұл атау клас­сикалық интроверт пен экс­траверттің арасындағы, өзіндік ерекшелігі бар жеке типке жататын адамдарды сипаттайды.

Мамандардың түсіндіруінше, отроверттер әлеуметтік ортада еркін сөйлесіп, адамдармен тез тіл табыса алады, тіпті жақын байланыс орнатуы да оңай. Алайда ішкі әлемінде олар көпшілік ортадан белгілі бір қашықтық сақтағанды, сезімін жалғыз қалып саралағанды жөн көреді. Сондықтан сырттай ашық көрінгенімен, іштей оқшаулануға бейім болуы мүмкін. Камински мұндай адамдарға «әлеуметтік бетперде» тән екенін айтады, яғни ортаға тез бейімделу үшін олар өзіне үйреншікті емес мінез көрсетуі ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар