ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен, ЕҚЫҰ “үштігіне” кіретін Литва Сыртқы істер министрі Аудорнюс Ажубалиспен және қырғызстандық әріптесі Руслан Қазақбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Әңгімелесушілер Қырғызстанда 27 маусымда өткен референдумнан кейінгі жағдай туралы және ондағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған үйлесімді іс-әрекеттер жөнінде пікір алмасты. Қ.Саудабаев атап өткендей, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың пікірінше, Қырғыз Республикасының ұзақ мерзімді тұрақтылық пен бірқалыпты саяси дамуы мемлекеттің экономикалық даму стратегиялық бағдарламасынсыз мүмкін емес, ал Қазақстан мұндай экономикалық стратегияны жасап шығуға және іс жүзінде жүзеге асыруға өз көмегін көрсетуге дайын.