Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан қорытынды баспасөз мәслихатында мәлімдегендей, жаңа тәсіл болашағы зор кен орындарын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жоспар бойынша, 2026-2028 жылдар аралығында 100 мың шаршы шақырым аумақты егжей-тегжейлі зерттеу көзделген.
«Жұмыстар Ұлттық геологиялық қызмет пен жетекші институттардың қатысуымен аэрогеофизикалық технологияларды қолдана отырып консорциум аясында орындалатын болады. Бұл Президент қойған міндеттерге сәйкес геологиялық барлаудың тиімділігін арттырады», деді Иран Шархан.