• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда 18 Желтоқсан, 2025

Елордалық оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған жобалар байқауы өтті

Астананың Сарыарқа ауданында мектеп оқушылары арасында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Алғырлар – 2025: идеядан болашаққа» атты оқушылар жобаларының байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байқаудың мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу.

«Байқауға ауданымыздағы 33 мектептің оқушылары қатысып отыр. Әр қатысушы өз жобасын видео-эссе форматында ұсынды. Оқушылар мектептегі буллинг пен кибербуллинг, интернет-алаяқтық және кәмелетке толмағандар арасындағы өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды. Жобаларды беделді қазылар алқасы бағалайды. Ең бастысы – бұл жай ғана байқау емес, тиімді әрі тың бастамалар алдағы уақытта тәжірибеде қолданылатын болады», деді Сарыарқа ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Қасымжомарт Бейсенбай.

Соңғы жаңалықтар