• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2015

Қарағандыда жеті оңтайлы ХҚКО ашылды

298 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 11 тамыз. Қарағанды облысында жеті мобильді халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа орталықтар 52 ауылдық округтегі 118 елді мекен тұрғындарына қызмет көрсетеді. Бұл бастама Мемлекет басшысының тұрғындардың қалың шоғырын, әсіресе шалғайдағы елді мекендер халқын мемлекеттік қызмет көрсетумен қамтамасыз ету тапсырмасы аясында қолға алынған болатын. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа жұмыс форматына көшуі тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Оңтайлы орталықтар осы жылдың бірінші жарты жылдығында облыс орталығынан жырақта орналасқан елді мекендерге 600 рет сапар шегіп, халыққа қызмет көрсетіп қайтты. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Сурет: ekaraganda.kz.