• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Желтоқсан, 2025

Ыстанбұлдағы қазақ әдебиеті бұрышы

30 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік күніне орай Түркияның мәдени астанасындағы Рами кітапханасында Қазақстан ғылымы мен әдебиеті бұрышы ашылды.

Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ғылым ор­дасының бастамасымен және еліміздің Ыстан­бұл қаласын­дағы Бас консул­дығының қолдауымен жүзеге асқан жо­баның мақса­ты – екі ел арасындағы мәдени-гума­нитарлық ынтымақтастықты тереңдетіп, қазақтың әдеби және ғылыми мұрасын халық­аралық деңгейде насихаттау.

Салтанатты іс-шараға Түр­кия Әділет және даму партиясының Түркі мем­лекеттерімен байланыстар жөніндегі басқарма төрағасының орын­басары, доктор Решиде Юксель, Қазақстанның Ыстан­бұл қаласындағы бас консулы Аманқұл Нуриддин, Рами кітапханасының директоры Али Челик, қазақ әдебиетінің түрік тіліне аудармашысы Құддыс Чолпан, «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Ұлар Мұқа­жанов, TURKTAV Түркі тарихы мен мә­дениеті қорының атқарушы директоры Әсел Лахаева, сондай-ақ ТҮРКСОЙ өкілдері, Түркияның мәдениет және білім саласының зиялы қауым өкілдері мен Түркиядағы қазақ студенттері қатысты.

Игі бастама аясында елден барған делегация түркиялық әріптестеріне 250 дана кітап сыйға тартты. Әдебиет бұры­шына Ғылым ордасының Ор­талық ғылыми кітапханасы, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инс­титуты және М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұсынған қазақ әдебиеті, тарихы, мәдениеті мен ғылымына арналған басылымдар қойылды.

Іс-шара барысында «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Ұлар Мұқажанов Рами кітапханасында ашылған бұл бұрыш Қазақстан мен Түр­кия арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастықты жаңа деңгейге көте­ріп, қазақ­тың зияткерлік мұрасын халық­аралық деңгейде кеңінен танытуға бағытталған маңызды қадам екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар