• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 20 Желтоқсан, 2025

Жүргізушісі жоқ такси

20 рет
көрсетілді

Қатар астанасы Дохада жүргізушісі жоқ таксилер қызметке кірісті. Елдің ұлттық көлік операторы «Mowasalat» (Karwa) қала көшелеріне алғашқы роботтаксилер шыққанын ресми түрде хабарлады.

Роботтакси қызметін «Karwa» мобильді қосымшасы арқылы пайдалануға болады. Такси келгеннен кейін де онымен байланыс толығымен қосымша арқылы жүргізіледі. Яғни қозғалысты бастау, сапарды басқару және өзге де әрекеттердің бәрі смартфондағы қызмет арқылы орындалады. Мамандар бұл бастаманы автономды көлікті дамытудағы маңызды қадам ретінде бағалап отыр. Жоба Қатардың «Qatar National Vision 2030» атты кешенді даму бағдарламасы аясында жүзеге асып, елдің Көлік министрлігінің бақылауымен іске асырылып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар