• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Наурыз, 2015

Нью-Йоркте ересектер де балабақшаға барады

364 рет
көрсетілді

АСТАНА. 24 наурыз. Жақында Нью-Йорк қаласының Бруклин ауданында айырықша балабақша ашылды. Оған тек кішкентай ұл-қыздар ғана емес, ересек адамдар да баруға болады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Бұл мекемені ашқан әйелдің сөзіне қарағанда,адамдар мұнда іштеріндегі балаға тән қылықтарын сыртқа шығару үшін келеді екен. Әзірге балабақшадағы ересектер тобына 6 адам қабылданған. Олардың арасында заңгер, бағдарламашы және жазушы бар көрінеді. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, атасына бір рет өткізілетін сабақтар кезінде «балалар» сурет салып, ойнап, ермексаздан мүсіндер жасайды, кейбір кездері экскурсияларға да шығады екен. «Балабақшада» дәстүрлі күндізгі ас пен ұйқы сағаты, сондай-ақ «балалар» таңдауы бойынша ата-аналар жиналысы да өткізіледі. «Балабақшаға» келу бағасының арзан еместігін атап өту керек. Қаржылық мүмкіндіктеріне қарай «тәрбиеленушілер» 333-999 доллар  аралығындағы соманы төлейді. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».