• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Желтоқсан, 2025

Жалғас Жұмағұловтың Oktagon турниріндегі жекпе-жегі тосын нәтижемен аяқталды

30 рет
көрсетілді

28 желтоқсаннан 29 желтоқсанға қараған түні қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Oktagon турнирінде чемпиондық белбеуін қорғау үшін кездесу өткізді. Чехияның Прага қаласында өткен жекпе-жекте отандасымыздың қарсыласы чех  Давид Дворак болды, деп жазады Egemen.kz.

OKTAGON MMA 81 турнирінде Жалғас Жұмағұлов маусым айында жеңіп алған атағын алғаш рет қорғауға шықты. Тәжірбиелі ММА шебері Давид Дворакпен өткен тартысты жекпе-жек Жалғас Жұмағұловтың жеңісімен аяқталды. 

Отандасымыздың чемпион екеніне қарамастан спорт сарапшылары Давид Дворакты кездесу фавориті деп таныған болатын. 

Дегенмен чех файтері төртінші раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, жеңіс Жалғас Жұмағұловтың есебіне жазылды. 

Осылайша, Жұмағұлов он тоғызыншы жекпе-жегін сәтті аяқтаса, Давид Дворак спорттық мансабында жетінші рет жеңіліске ұшырады. 

Қараша айында UFC-де өнер көрсететін отандасымыз Асу Алмабаев UFC Fight Night 265 турнирінде америкалық Алекс Пересті жеңген еді.

Енді Асу Алмабаев келесі жекпе-жегінде жеңіске жетсе дивизионның үздік бестігіне енуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар