АСТАНА. 23 наурыз. Грузиядағы билеуші коалиция – «Грузин арманының» негізін қалаушы, елдің бұрынғы премьер-министрі Бидзина Иванишвили Михаил Саакашвили туралы пікірін білдірді. Ол экс-президенттің партиясы «Бірыңғай ұлттық қозғалыстың» билікке қайтадан келуі үшін жасаған істерін бос әурешілік деп санайды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Иванишвили өзінің «2030» кешкілік тележобасында: «Олар қайтадан билікке келіп, бұрын өздерінің қолында болған дүниенің бәрін қайтаруды қалай ма? Егер солай ойлайса грузин халқын соншалықты ақымақ санағаны. Әлде өздері билікте болған кезде ел түрмелерінде болған жағдайды ұмытып қалды ма? Сондықтан олардың билікке қайта келуі үшін жасаған әрекеттері бос әурешілік. Себебі, олардың кезіндегі ахуал осыншалықты тез ұмытылып кетпейді. Егер өздері солай ойласа, қателеседі», – деді.
Бидзина Иванишвили 2012-2013 жылдары Грузияның премьер-министрі болды. «Сұр кардинал» деген атпен де танымал мемлекет қайраткері. Ол премьер-министр қызметін өзі сынап отырған экс-президенттің тұсында өткізді. Мамандардың айтуынша, «Грузия арманы» партиясының сайлауда жеңіске жетуі Саакашвилиге ауыр соққы болды. Елдің қазіргі басшысы Георгий Маргвелашвилидің президент сайлауына «Грузин арманы» коалициясының атынан қатысқанын айта кетейік.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: РИА Новости.