• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қаңтар, 2026

Бірқатар тасжолда шектеулер енгізілді

Ауа райының құбылуына байланысты Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы жол қозғалысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірлердегі жағдай:

Қарағанды облысы: 4 қаңтардан бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Астана – Қарағанды – Алматы» тасжолының 92–164 шақырым аралығында (Анар станциясынан Теміртау қаласына дейін) жылдамдық режімі сағатына 110 шақырымға дейін төмендетілді.

Ақмола облысы: ауа райының жақсаруына байланысты «Астана – Көкшетау – Петропавл» тасжолының 18 – 232 шақырым бөлігінде жылдамдық режімі сағатына 110 шақырымға дейін ұлғайтылды.

Аяз күшейіп, дауыл соғады: синоптиктердің бүгінгі болжамы

Шығыс Қазақстан облысы: «Өскемен – Алтай – Қатонқарағай – Рахман қайнарлары» жолында тіркемесі бар жүк көліктері үшін шектеу енгізілді. Бұл тыйым осы қыс маусымының соңына дейін күшінде болады.

Павлодар облысы: «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка» тасжолындағы Қалқаман жол айрығында техникалық ақаулар анықталды. Осыған байланысты Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол жабылды. 

Соңғы жаңалықтар