Кеше Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов елімізде тіркелген шетелдік құрметті консулдармен кездесті.
Басқосуда министр Қазақстандағы құрметті консулдармен бірлесе нәтижелі жұмыс істеудің маңыздылығына тоқтала отырып, оларды еліміздегі қызықты жобалар мен маңызды салаларға жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды.
Бұдан бөлек, Ерлан Ыдырысов «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында дипломаттардың шетелдік бизнесмендерді тартуға барынша қолғабыс етулерін кеңінен сөз етті. Сонымен қатар, жиында бірқатар елге қатысты визалық режімдердің жеңілдетілуі де әңгіме арқауына айналды.
Жиын соңында, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланатын осындай келелі кеңестерді дәстүрлі түрде өткізіп тұру ұсынылды.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».