• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Наурыз, 2015

Аваков: «Укранфта» ғимаратын милиция күзетке алды

200 рет
көрсетілді

АСТАНА. 24 наурыз. Соңғы бірер күннің айналасында Украинадағы жағдай күрт өзгеріп кетті. Жоғары раданың депутаты, Днепропетровск облысының губернаторы , олигарх Игорь Коломойский «Укрнафтадағы» жағдайы теңселе бастауына байланысты билікке қарсылық көрсетуге кірісті. Мұның өзі елдің оңтүстік-шығысындағы шиеленістің беті Днепр өзенінің бойына қарай ауысқанын көрсетеді. Бұл туралы ВВС хабарлады. «Дүйсенбіге қараған түні автоматпен қаруланған белгісіз біреулер «Укрнафта» ғимаратына басып кіріп, оның кіреберісіндегі бақылауды күшейтіп, жолды жауып тастады. Украинаның бұқаралық ақпарат құралдары олардың «Днепр-1» батальонының жауынгерлері екендерін жазып жатыр», - делінген хабарламада. Ал «Днепр-1» қауіпсіздік қызметінің бір құрылымы болуымен бірге, губернатор Коломойскийдің бағыныстылығындағы батальон болып табылады.

 

Алайда,Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Зорян Шкиряк бұл мәлімдемені жоққа шығарып, ғимаратты күзетіп тұрған жеке фирманың сарбаздары екенін жеткізді. Шенеунік сондай-ақ «дерегі анықталмаған, жалған ақпарларды таратуды тоқтатуға» шақырды. Ол милиция «күш құрылымдарының текетіресе кетпеуін» бақылап тұр дегенді білдірді. Осы аралықта украин БАҚ-тары қарулы кісілердің ғимаратты Игорь Коломойскийдің бұйрығы бойынша басып алғандарын жазып жатыр. Коломойсийдің өзі болса, ғимараттың алдына жексенбі күні кешке келді. Ол ғимаратты жауып қойған «Коломойскийдің батальоны емес», компанияның күзетшілер екенін айтты. Олигархтың айтуынша, рейдерліктен осылай қорғануды жөн санаған. Украинанің ішкі істер министрлігінің өкілдері де «Укрнафтаның» ғимаратын «Днепр-1» батальонының жауынгерлері қорғап тұрғанын жоққа шығарды. Мұны министр Арсен Аваковтың өзі жеткізді. Наурыздың 19-нда Жоғарғы рада акционерлік қоғам жөніндегі заңға шұғыл өзгерістер енгізді. Бұл «Укрнафтаның» акциясының басым бөлігіне иелік етуші Игорь Коломойскийдің еркін қимылдауына тосқауыл қою үшін жасалғаны бірден белгілі болды.

Сол күні «Укрнафта» компаниясының бақылау кеңесі Коломойскийдің қойған адамы Александр Лазорконы орнынан босатып, оның орнына Юрий Мельникті тағайындады. Компания алып қойып, оның басшысын қуып жіберуді Игорь Коломойский рейдерлік деп бағалады. Жұма күні президент Петр Порошенко журналисті бейәдеп сөздерді қолдану арқылы қорлаған Коломойскийге сөгіс берді. Бұдан кейін Игорь Коломойский мен оның командасы 25 наурыз, сәрсенбі күні өздерін қорғайтын жұртты жинау арқылы Днепропетровскіде «халық жиынын» («народное вече») өткізуге шешім қабылдады. Соңғы сәтте бұқаралық ақпарат құралдары губернатордың Днепропетровскіге тартып кеткенін баяндады. Мұрат Айтқожа.